Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы 17 сәуірде ІІМ бұйрығымен елді мекенде автобустар мен шағын автобустар үшін жылдамдық режимін сағатына 50 км дейін төмендету туралы құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.
"2024 жылдың 29 шілдесінен бастап «Сергек» АБК камералары көрсетілген жылдамдықты асыруды тіркеуге қайта бапталды. Алайда жолдарда ақпараттық белгілер орнатылмаған.Бұл, аталған санаттағы көлік құралдарын жүргізушілерінің жылдамдық режимін бұзуына әкеп соқты.Нәтижесінде 5 000-нан астам автобус иелері айыппұл төлеу жөнінде заңсыз нұсқамалар алған".Алматы қаласы прокуратурасы
Прокуратураның актілері бойынша айыппұл төлеу туралы нұсқаманың күші жойылды, 3102 кәсіпкерлік субъектісінің және 1995 азаматтың құқықтары қорғалды.
"Сонымен қатар айыппұл төлеу туралынұсқамамен келіспеген көлік құралдарының иелері оған жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе сотқа (ӘҚБтК-нің 43-1 және 44-1-тараулары) дербес шағымдануға құқылы екенін түсіндіреміз.Өз кезегінде орындалған нұсқамаларды, яғни 50% мөлшерінде ерікті түрде айыппұл төлеген (іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды деп есептеледі), жауапқа тартылған адамның, қорғаушының, өкілдің арызы бойынша мұндай шешім шығарған орган (ӘҚБтК-нің 47-тарауы) жаңадан ашылған мән-жәйлар бойынша ғана қайта қаралуы мүмкін".Алматы қаласы прокуратурасы
Бұған дейін Алматыда биыл 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынатындығы хабарланған болатын.