Қай аймақтағы қазақстандықтар банкроттыққа жиі жүгінеді

Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов 2024 жылғы 5 қарашада өткен брифингте Қазақстанда қай өңірде банкроттыққа жиі өтініш берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, бүгінде 17,9 мың азамат банкрот деп танылған.

"Әркімнің банкроттыққа бару жолында өз өмірлік жағдайлары болады. Біз оларды осы берешектен, несиелендіруден 40 млрд теңгеге босаттық. Менің ойымша, бұл халық үшін үлкен көмек", — деді спикер.

Ол бүгінде банкроттықты ресімдеуге 131 мың өтініш қаралғанын атап өтті.

"Бізде жетекші аймақтар – оңтүстік. Халық саны жоғары Алматы қаласы және облысы, сондай – ақ Жамбыл және Түркістан облыстарыннан өтініштер жиі түседі",- деді Сейілжан Ахметов.

Оның айтуынша, көбінесе банкроттыққа ер адамдардың – 53%-ы, ал әйелдерден – 47% жүгінеді.

Бұған дейін борышкерлер мен банкрот болғандардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу ережесі өзгергендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі