Алматыда ұзындығы 6000 метрге жуық жылу магистралі толықтай жаңартылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында "Алматы жылу желілері" ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы ұзындығы 5865 метр болатын жылу желілері жаңартылды.

2022 жылы 1730 м, 2023 жылы – 2000 м, ал 2024 жылы – 2135 м желілер қайта құрылды.

Биыл "Айнабұлақ" ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін аяқталды.

Қазіргі уақытта осы учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады.

Айта кетейік, жылу магистралі 1981 жылы пайдалануға берілген, оның пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл.

Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді.

Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. Қайта жаңартудан кейін учаскелер ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен көріктендіріледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев