Астана тұрғыны әйелді тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен

Сурет: polisia.kz
Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болды.

Тұрғын үйдің ауласында бейтаныс біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен.

Күдікті олжасы 400 мың теңге болды.

Сурет: polisia.kz

"Күдікті өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды