Перзентханадан айыппұл тұрағына: кортеж қатысушыларына сот үкімі шықты

Фото: Zakon.kz
Қонаев қаласының соты Алматы — Өскемен тасжолында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кортеж жүргізушілеріне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, желіде бірнеше көліктің өзге жүргізушілердің жолын бөгеген сәті түсірілген видео тараған еді. Полицейлердің анықтауынша, жол ережесін бұзушылар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына бара жатқан.

"Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күннен қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал тағы екі қатысушыға айыппұл салынды",- делінген ІІМ ақпаратында.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыра отырып, жолда қауіп төндіретін кез келген әрекеттің жолы кесілетінін ескертті.

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар қаласында "жалған полицейлер" ұсталғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін