Egov мобильді қосымшасындағы уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты сауалнама аяқталды: ары қарай не болмақ

Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 27 қарашада мәжіліс аясында eGov мобильді қосымшасындағы уақыт белдеуін ауыстыру жайлы сауалнамаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Саясат Нұрбектен сауалнаманың неге тез аяқталғанын сұрады.

"Ол тоқтаған жоқ. Бұл кешенді зерттеудің құрамдас бөліктерінің бірі, 200 мыңға жуық адам сауалнамаға қатысты. Бұдан әрі қазақстандықтардың денсаулығына әсері айқындалатын болады. Мұның бәрін біріктіріп, зерттеу аясында анықтаймыз. Біз 200 мың адамнан сұхбат алуға бекінгенбіз және бұл көрсеткішке жеттік. Зерттеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелері хабарланады. Бұл бірінші кезең", — деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Оның айтуынша, биылғы жылы осы зерттеуді кім және қандай сомаға жүргізетінін анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі.

"Келесі жылы бастаймыз. Шын мәнінде, қаражат үш жылға бөлінеді, бірақ біз оны ертерек аяқтауға тырысамыз", – деп сендірді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін 2024 жылдың 21 қарашасында eGov mobile қосымшасында "Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану" сауалнамасы пайда болғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады