Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруі: eGov mobile-да қызықты сауалнама пайда болды
Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 21 қарашасында eGov mobile қосымшасында "Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану" сауалнамасы пайда болды. Сауалнама бес сұрақтан тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азматтарға арналған қызықты сауалнамадан өту үшін:
- EGov mobile қосымшасына кіріңіз.
- "Хабарламалар" бөліміне өтіңіз.
- "Сауалнамалар" тармағына кіріп, "Сауалнамаға өту" түймешесін басыңыз.
Алдымен азаматтардан бір күндік жоспарда көп жағдайда уақыт не нәрсеге жетпей қалатыны сұралды.
Сондай-ақ, уақыт өнімділігі бойынша да сауал болды.
Мұнымен қоса, қазіргі уақыт өлшеміне қатысты көзқараста сұралды. Ұсынылған жауаптың ішінде "Бұрынғы уақытқа оралу қажет" деген нұсқа да болды.
Бұған дейін Сауда министрлігі уақыт белдеуінің сауда мен экономикаға әсері туралы айтқаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript





