Сауда министрлігі уақыт белдеуінің сауда мен экономикаға әсері туралы айтты

Госзакупки, государственные закупки, государственный бюджет, деньги, торговля, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 17:00 Фото: freepik
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 19 қарашада Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында уақыт белдеуінің ауысуының еліміздің саудасы мен экономикасына жағымсыз салдары бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арман Шаққалиев жыл басынан бері тауар айналымы бойынша жедел деректер келтірді.

"Бізде көтерме және бөлшек сауда 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсті — шамамен 1,1% өсім бар. Пайыздық арақатынаста онша үлкен емес сияқты көрінгенмен, бұл миллиардтаған теңге. Ішкі тауар айналымы да өсуде", — деді министр.

Экспорт шамамен 9,8%-ға өсті.

"Келтірген мәліметтеріме қарап қорытындыласақ, саудаға теріс әсері бар деп айта алмаймыз. Өсу динамикасы жалғасады деп үміттенеміз. Сауда — саттықта бізде оң динамика бар", — деп атап өтті сауда министрлігінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тұрғындары 2024 жылдың 1 наурызынан бастап UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуінде тұра бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: