eGov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық құжат пайда болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында 18 жасқа толған қамқорлықтағы азаматтар мен олардың қамқоршылары туралы мәліметтері бар цифрлық құжат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат "Е-Собес" ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады — онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы тұлғалар есепке алынған.
Құжатта келесі ақпарат көрсетіледі:
- Қамқоршы мен қамқорлықтағы адамның ЖСН мен ТАӘ;
- Олардың туған күні;
- Қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;
- "Жарамды күні" туралы ақпарат.
Құжат "Цифрлық құжаттар" бөлімінде "Құжаттарды жаңарту" батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript