2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа сервис – әл-ауқатты бағалау калькуляторы қолжетімді болды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 09:07 Сурет: gov.kz
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа сервис – әл-ауқатты бағалау калькуляторы қолжетімді болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 18 қазанда Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

"Жаңа құрал 2027 жылғы 1 қаңтардан басталатын мемлекеттік қолдаудың жекелеген шараларын атаулы түрде көрсетуге көшу аясында іске қосылды. Калькулятор азаматтарға бағалау өлшемдерімен танысып, отбасының әл-ауқат деңгейін анықтауға мүмкіндік береді".

Ведомствоның нақтылауынша, бағалау әдістемесінде табыс пен мүлік қана емес, негізгі әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі:

  • отбасы құрамы;
  • балалардың, қарттардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бағалау үшін алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткіш қолданылады.

"Есептеу азаматтың өзі көрсеткен мәліметтер негізінде жүргізіледі және анықтамалық сипатқа ие. Оның нәтижесі әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тоқтату туралы шешім болып саналмайды", – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстанда халықтың әл-ауқат санаттарын анықтау калькуляторы 2026 жылғы 16 қазанда іске қосылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: