Қазақстандықтарға eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қолжетімді

Қазақстандықтарға eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қолжетімді , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 13:58 Сурет: gov4c.kz
Енді шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҰАТ" АҚ-ның 2025 жылғы 10 сәуірдегі мәліметіне сүйенсек, eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді. 

"Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта. 

Бұрын бұл процесс жеке өтініш пен қағаз құжаттарды жинауды талап ететін, ал бүгінде қызмет онлайн режимде қолжетімді. Бұл өтінімді қарау мерзімін қысқартады және қызметті пайдаланушыларға ыңғайлы етеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
  • "Қызметтер" бөліміне өтіңіз, «Білім» - «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдаңыз;
  • өтінімді толтырыңыз, қажетті құжаттарды жүктеңіз және төлем жасаңыз;
  • өтінімге қол қойыңыз. 
"Қызмет нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді жауап алады"."ҰАТ" АҚ

Бұған дейін Алматыда мас күйде мопед басқарған азамат ұсталғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: