Қазақстандық жүргізушілерге ақжолтай хабар: 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді тіптен қолжетімді

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2025 жылғы 26 ақпанда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді.
"Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді",- делінген ақпаратта.
073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.
Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын.
"eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті"."ҰАТ" АҚ
Қызметті пайдалану үшін:
- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
- "Қызметтер" – "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдау керек;
- "№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру" қызметін таңдау қажет;
- өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.
Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Бұған дейін Алматыда бір жарым мыңнан астам мопед тіркелгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript