Өскеменде оқушылар онлайн оқиды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Өскемен қаласындағы барлық орта мектепте екі аусым бойынша да сабақ онлайн болады. Өйткені 23 қарашадан бері қаланы қою тұман басып тұр.

"Қазгидромет" отралығының мамандары ауадағы зиянды қалдық шектік рұхсат етілген мөлшерден бірнеше есе асып кеткенін растады.

Мамандар арнайы құрылғымен сағат сайын тексеріп мониторнинг жасап отыр. Нәтижесінде ауда көміртегі тотығы, рұхсат етілген мөлшерден 2.5 есе ал күкірт диоксиді де тәуліктік мөлшерден бірнеше есеге көбейген.

Кейбір тұрғындардың көзі мен мұрыны ашып, бас ауруына шалдыққан.

Тек соңғы үш күнде тынысы тарылғандықтан медициналық көмекке жүгіндер саны 11 пайызға артқан. Сондықтан дәрігерлер ауа ластанған күндері далаға шықпауды ескертеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал "Қазгидромет" орталығы мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдай қарашаның соңына дейін сақталатынын хабарлады. Кеше Өскемендегі екінші аусымда оқитын оқушылардың соңғы екі сабағы қысқартылған. Бүгін мектептер толық онлайнға ауысты.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы