Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды

Сурет: instagram/sukyeol.yoon
Ұлттық ассамблея президент Юн Сок Елға әскери жағдайды енгізбегені үшін импичмент жариялауға дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юнға импичмент жариялау туралы ұсынысты 204 депутат қолдаса, 85-і қарсы дауыс бердлі, үшеуі қалыс қалған және сегіз дауыс жарамсыз деп танылған.

Бұған дейін оппозициялық партиялардың өкілдері президентті әскери жағдайды негізсіз енгізді және заңды бұзып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыптап, тиісті қаулы әзірлеп, парламентке ұсынған болатын.

Импичмент резолюциясының жобасында Оңтүстік Корея армиясы мен полициясы президенттің тапсырмасы бойынша Ұлттық ассамблея мүшелерін тұтқынға алуға әрекеттенгені, Орталық сайлау комиссиясын басып алғаны, шенеуніктердің ұялы телефондарын тартып алғаны және оппозиция белсенділерінің жеке социологиялық қызметтеріне тосқауыл қойғаны айтылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды