Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың километр жол жөнделген

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары аралығында 1 мың километрден астам жол жөнделген.

Атап айтқанда, 2023 жылы – 562 км жол жөнделсе, 2024 жылы – 445 км жолдың құрылысы аяқталған.

Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы бағытында 4 кезеңнен тұратын барлығы 144 км жолдың биыл бірінші және төртінші кезеңдері, яғни 72 км жолы қайта жаңғыртылса, екінші және үшінші кезеңдері (72 км) 2025 жылы КПО б.в компаниясы есебінен іске асырылатын болады.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Күні бүгінде, аталған учаскелерде инертті материалдарды тасымалдау, айналма жолдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ел Президентінің 2019 жылы берген тапсырмасы аясында өңірдегі Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 км жолды салу міндеті тұрған болатын.

Аталған жолдың 2019-2022 жылдары, яғни 4 жылдың ішінде 125 километрі аяқталған болатын. 2023 жылы –104 километрі, 2024 жылы – қалған 16 километрі салынып бітті.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс орталығынан 500 шақырым жерде орналасқан Жәнібек ауданының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалыққа толы болды. Ауданға апаратын жолдың құрылысы толықтай аяқталды. Талай жыл жол қиындығын көрген тұрғындар бүгінде облыс орталығына еш қиындықсыз қатынайды.

"Бұрындары облыс орталығына қатынау үшін көп уақытымызды жоғалтатынбыз. Биыл жолдың құрылысы толықтай аяқталып, халық игілігіне берілді. Бұл ауданымыздың экономикалық дамуына үлкен әсер етеді. Жол салып беруге қолдау білдірген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз" — деп атап өтті Жәнібек ауданының тұрғыны Бекет Әліпқалиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты