Қазақстаннан шетелдік 95 такси жүргізушісі шығарылды

Сурет: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері мобильді қосымшаларды пайдаланып, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан шетелдік азаматтарды анықтау мақсатында "Заңсыз келуші-таксист" жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 95 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 42 адамға қатысты сот шешімі шығып, олар елден шығарылды.

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартумен айналысқан 34 жұмыс беруші анықталды. Олардың кейбірі тиісті рұқсатсыз автокөліктерді жалға берген.

Заңнамаға сәйкес, шетел азаматтары тек визаларында көрсетілген мақсаттарға сай немесе жергілікті атқарушы органдардан алынған рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруы тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін