Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Қаскелеңде 2025 жылғы 7 қаңтарда "Жер-Ана" базарының аумағында орналасқан парфюм сататын дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда орнында газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін төбе мен жиһаздар өртенді. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыды.

"Өрттің салдарынан 1996 жылы туған әйел термиялық күйік алды. Өртті сөндіруге 11 қызметкер мен екі техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді