Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол-көлік апаты тіркелген

Фото: Zakon.kz
Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 мың адам зардап шеккен. Апат салдарынан 2 600-ге жуық адам көз жұмды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында тіркелген. Қазір мегаполисте профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Әсіресе, жол қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, балаларға арналған арнайы орындықсыз жүргендер жазаға тартылмақ.

Алматыда былтыр балалар да болған 1 500-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 1 600 жасөспірім зардап шегіп, 4-еуі көз жұмған, деп жазады qazaqstan.tv.

Тәжірибе көрсеткендей зардап шеккендердің басым бөлігі қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе арнайы балалар орындығына отырмағандар, дейді қалалық полиция департаментінің өкілі. Ол көлік жүргізушілерін жолда автокресломен жүруге шақырды.

"Көлік жүргізушілері 593-баптың 1-тармағын орындамағаны үшін жол жүру барысында белбеуді қолданбағаны үшін, балаларды авто орындықтарға отырғызбағаны үшін, балаларға арнайы белбеу тақпағаны үшін шамамен 11 мың жүргізуші жауапқа тартылды." Тимур Ноғайбаев, қалалық ПД басқармасы бастығының орынбасары

Көлік ішіндегі балалардың қауіпсіздігі ең бірінші жүргізушіге жүктеледі. Оқыс жағдай бола қалған жағдайда арнайы орындықтың көмегі мол, дейді мамандар.

Қазір Алматыда балалар қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге 12 жасқа толмаған балаларды арнайы орындықпен тасу қажет екенін ескертеді. Олай болмаған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Бұршақ жауып, дауыл тұрады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды