Алматыда интернет-алаяқтық дерегі азайды

Сурет: pixabay
Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтық 12 пайызға азайған. Сондай-ақ алаяқтықтың бұл түрін анықтау көрсеткіші айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылы Кибернадзор ақпараттық жүйесі арқылы интернет-алаяқтыққа ықпал ететін 746-дан астам ресурс анықталды және бұғатталды. Сонымен қатар жиі алаяқтардың құрбаны болатын қарт адамдармен алдын алу шаралары жүргізілуде: полиция қызметкерлері жадынамалар таратып, алаяқтықтың жаңа түрлері мен әдістері туралы түсіндіріп жатыр.

"Өкінішке қарай, киберқылмыскерлердің заманауи әдістері бізді интернеттегі қылмыспен күресу үшін жедел және алдын алу шараларын қабылдауға міндеттейді. Осыған орай, өткен жылы полиция департаментінде "Киберпол" бөлімшесі құрылып, ІТ-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырып жатыр, - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Алматы қалалық полициясы тағы да азаматтарды жеке деректеріне қатысты тәртіпті сақтауға шақырады: ешкімге жеке мәліметтерді, телефондарыңыздың құпия сөздерін немесе карталарыңыздың CVR кодтарын бермеңіз. Оларды алаяқтар пайдалануы мүмкін. Банктің кез келген қоңырауын, туыстармен болған кез келген жағдай қайта тексерілуі керек.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты