Бұл туралы адвокаттар Instagram-да жазды.
"2025 жылғы 17 қаңтарда біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды. Енді келесі маңызды кезең – қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз", - делінген хабарламада.
Мұны Zakon.kz тілшісіне Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.
"2023 жылғы 4 қазанға қараған түні кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Қазіргі уақытта тараптар сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысып жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жолданады", - деп хабарлады ведомство.
2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жаппай төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімнің өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша 11 күдікті қамауға алынды.
2025 жығы 3 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шерзат Полаттың өлімі туралы айтты. Президент "тергеу әрекеттері аяқталды, жақын арада бұл іс бойынша сот процесі өтетінін" мәлімдеді.