Тоқаев Қазақстанда "Әкімдер мектебін" құру туралы бұйрық берді

Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында жергілікті әкімдердің біліктілігін арттыру туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы әкімдерді тікелей сайлауды енгізу мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар санатының пайда болуына әкелгенін атап өтті. Бұл 2,5 мыңнан астам менеджер.

"Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, "Әкімдер мектебі" оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл ретте осындай жұмысты жүргізіп жатқан "Аmanat" партиясының тәжірибесін ескерген жөн." Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекеттік аппараттың басты міндеті – азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу. Ол үшін, ең алдымен, азаматтармен ұдайы байланыста болу керек. Онсыз болмайды, -дейді президент.

"Сондықтан халықтан келіп түсетін өтініштерге айрықша назар аудару қажет. Былтырдың өзінде Президент Әкімшілігіне 50 мыңнан астам өтініш келіп түскен, ал еліміздегі барлық мемлекеттік органдарға шамамен 4 миллион өтініш жолданған. Бұл көрсеткіш жылдан жылға көбеюде. Бір жағынан, бұл жұрттың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сенетінін көрсетеді. Алайда, сонымен бірге, бұл олардың өтініштері мен мәселелері мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы барысында шешімін таппай жатқанын аңғартады. Сондықтан олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тиянақты жұмыс жүргізу қажет. Әдетте азаматтардың өтініштерінің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан, бұл жерде барлық құзырлы органдар жұмыла жұмыс істеуге тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев

Қаңтардың 28-і күні президент үкіметтің тиімді жұмыс істеп, қажетсіз бюрократиядан арылуы керектігін атап өтті.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты