Өскеменнің ауасын зерттеуге дрон қолданылуы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Асем Кайратбек
Өскеменнің ауасына мониторинг жасауға 11 стационарлы және жылжымалы бір зертхана аздық етеді.

Өйткені 11 ірі зауытпен қоса қалада ұсақ өндіріс те көбейіп келеді.

Көмір жағатын 30 мыңға жуық жеке сектордағы үй мен автокөліктер де зиянды қалдықтар шығарады.

Сондықтан жақында құрылған "Өскемен тынысы" экологиялық қоғамдық бюросының мүшелері қаланың эко-ахуалын бақылауда дрондарды да қолдану керек деген ұсыныс айтты.

Экологтар бұл тәсіл өз нәтижесін береріне сенімді, деп жазады qazaqstan.tv.

Арнайы құрылғымен жабдықталған дрон бір мезетте Өскеменнің 11 аумағын түгел қамти алады.

"Біздің жобалуымыз бойынша дрондарды қолдану арқылы ауаны ластаушы нысандар туралы қазіргіден де ауқымды мәліметке қол жеткіземіз. Яғни күмәнді бейнежазбалармен әуре болмаймыз. Бұл аппарат тәулік бойы шынайы ақпарат береді. Әрине ол үшін бір-екі дрон аз болады. 11 аумақтық учаске бар болса, 11 дрон керек." Елена Березинская-Абилова, "Экология тынысы" жобалау кеңсесінің жетекшісі
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді