Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала қорытындысы шықты

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есептегі мәлімет бойынша, Грозный әуежайына екі рет қона алмағаннан кейін экипаж Бакуге оралуды ұйғарған. Сағат 05:13:32-де кері қайту кезінде ұшақтың негізгі басқару жүйелері жоғалған.

"Әрі қарай, сағат 05.42-де экипаж Ақтаудағы қосалқы аэродромға шұғыл қонуға шығу туралы шешім қабылдады. Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі және 62 жолаушы болған. Апат салдарынан ұшақ командирі, екінші ұшқыш, аға бортсерік және 35 жолаушы (барлығы 38) қайтыс болды (оның ішінде алты Қазақстан азаматы, 25 Әзербайжан, жетеуі Ресей азаматы), екі бортсерік және 27 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Салдарынан ұшақ қирап, жартылай жанып кеткен", - делінген хабарламада.

Апат салдарынан ұшақ толығымен қирап, жердегі өртте жартылай жанып кетті.

Ұшақ апаты Ақтау аэродромының 11 ұшу-қону жолағының шетжағынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 5 шақырым жерде (Ақтаудан солтүстік-батысқа қарай шамамен 25 шақырым жерде) болған.

Тергеу комиссиясы ұшақтың артқы бөлігінен көптеген шұрық тесікті анықтаған. Бұған қоса, сол жақ мотор мен сол жақ қанаты да бүлінген. Кейбір тесік сырттан ұшып келген заттардан болған. 


Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы