Трамп аса қауіпті қылмыскерлерді өзге елдердің түрмелеріне жібермек

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ аса қауіпті қылмыскерлерді өзге елдердің түрмелеріне жібермек. Президент Дональд Трамп бүгін жазасын өтеп жатқан кей азаматтарын шетелдің түрмелерінде ұстаудың заңдық қырын зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шығынды азайтуға және қылмыс деңгейін төмендетуге көмектеседі.

"Егер біз оларды елден шығара алсақ, біз мұны бірден жасар едік. Түрменің бір бірінен айырмашылығы жоқ. Бізде жеке түрмелерге қыруар қаражат кетеді. Ал өзге елдерге болмашы ғана ақы төлер едік. Егер басқа елдер оларды қабылдауға дайын болса, неге халқымыздың ақшасын босқа жұмсаймыз? Біз бұл мәселені заңдық тұрғыдан зерттеп жатырмыз." Дональд Трамп, АҚШ Президенті

Алайда АҚШ заңдары бойынша өз азаматтарын елден күштеп шығаруға тыйым салынған. Сондықтан Трамптың мәлімдемесі бітпес құқықтық және саяси дауға ұласуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, Сальвадор президенті кеше АҚШ-тан шығарылып жатқан өзге елдің мигранттарын қабылдаумен қатар, кейбір жазасын өтеуші америкалықтарды да өз түрмелеріне орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Тіпті АҚШ-та қылмыс жасаған кез келген шетелдікті, оның ішінде қауіпті қылмыстық топтардың өкілдерін де қабылдауға келісім берген.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады