Кадрларда мемлекеттік балабақшаның тәрбиешісі күрт қимылдар арқылы баланы ұйықтап жатқан жерінен жұлып алып дәретке отырғызып, артынша қайта жатқызып, бүлдіршіннің аузын қолымен содан кейін көрпемен жапқанын көруге болады. Бұдан бөлек, балалардан ойыншықтарды алу барысында дөрекілік танытқан, оның әрекетінен балалар құлап жатты.
KTK мәліметтері бойынша, болған оқиға жайлы сәбилердің бірінің ата-анасы мәлімдеген.
Шенеуніктер бұл тәрбие әдістерін өрескел және рұқсат етілмеген деп атады. Бұл роликтердің "кейіпкері" жұмыстан шығарылды. Полиция тергеуді бастады.
""Қарлығаш" бөбекжай-бақшасының әкімшілігі тәрбиеленушілердің бірінің ата-анасымен бірлесіп бейнебақылау камераларының мониторингі барысында тәрбиешілердің бірінің бөбекжай-бақшаның баласына дөрекі рұқсат етілмеген қатынасын анықтады. Нәтижесінде ата-аналар Ішкі істер органдарына тиісті өтініш беру туралы шешім қабылдады". Шахтинск қаласының білім бөлімінің басшысы Николай Онсович
Бұған дейін Алматыда "Алатау" театры базасында инклюзивті үйірмелер жұмыс істейтіндігі хабарланған болатын.