Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 10 ақпанында ҰҚК Telegram арнасынан белгілі болды.
"Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және "Damumed" ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықтады.
2025 жылдың 6 ақпанында Талдықорған қалалық соты тұтқынға қосымша үкім шығарғаны хабарланды. Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін ер адамға жаңа жаза кесілді.