"Солтүстікте қар, оңтүстікте жаңбыр жауады". 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 11 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Оңтүстікте, оңтүстік-батыста фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде аздап қар жауады, түнде Түркістан облысының тауларында қалың қар түседі". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұман, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел күшейеді,  солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын жүреді, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік- батыста көктайғақ болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін