Криптовалюта нарығындағы ақша айналымы 3 трлн доллардан асты

Фото: Zakon.kz
Әлем экономикасының қаржы саласында криптовалюта мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады.

Мамандар болжамынша, криптовалюта нарығындағы ақша айналымы 3 трлн доллардан асқан.

Криптографиямен қорғалған цифрлық валюта әдетте айырбас құралы ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ тәулік бойы және делдалсыз тәуелсіз жұмыс істейді.

Әлемдік цифрлық валюта нарығында биткоинның бәсі жоғарылап келеді. Былтыр тарихи көрсеткішке жетіп, 100 мың доллардан асқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Сөйтіп электронды ақша қаржы нарығында үздік ондыққа енді. Бұл қарқын тоқтамайды. Сондықтан мемлекеттік стратегиялық жоба әзірленуі тиіс, дейді сарапшылар.

"Криптовалюта және цифрлық сала туралы Президент бекер айтып отырған жоқ. Себебі біз қаласақ та, қаламасақ та әлемнің бір бөлшегі ретінде мұны айналып өте алмаймыз. Сондықтан стратегия әзірлеу мәселесі өте өзекті. Тіпті мектеп бағдарламасына цифрлық технологиялардың алғышарттарын үйрететін пән енгізу қажет деп есептеймін. Бұл – ел болашағына салынған тиімді инвестиция." Ақбөпе Әбілқасымова, экономист
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды