Еліміздің бірқатар аймақтарындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шығуға тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 13 ақпандағы таң сәрідегі ауа райының құбылмалдылығы бірқатар өңірлердегі тас жолдарда көлік қозғалысын шектеуге алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, таңғы 07:00-ден бастап, Ақмола облысында "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ. – Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ал, 8:00-ден бастап, "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 ш, Астана қ. уч. – Павлодар облысы шекарасына дейінгі жол жабылды.

Сондай-ақ, дәл осы уақытта Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" 200-254ш , Ақмола облысы ш. уч.-Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл ретте, жолдарды ашу 13 ақпан сағат 17:00-ге жоспарланған.

08:40-тан бастап "Астана-Қарағанды-Алматы" тас жолының бірқатар учаскелері жабылды:

Бұл жолды ашу 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-ге жоспарланған.

Бұған дейін Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі