Қазақстан мен Марокко арасында визасыз режим енгізілді

Сурет: pixabay
ҚР Үкіметі 2025 жылғы 13 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары жарамды ұлттық/жалпы азаматтық паспорттар негізінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылуын көздейді, бұл ретте әрбір болу кезеңінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 күн ішінде күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.

Төлқұжаттар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бойы жарамды болуы керек.

Бұл ретте іскерлік мақсатта, жұмысқа орналасу немесе оқу мақсатында екінші Тарап мемлекетінің аумағына күнтізбелік 30 күннен артық келуге және қалуға ниет білдірген Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдіктерінен немесе консулдық мекемелерінен тиісті виза алуға тиіс.

Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

ҚР СІМ келісімді бекіту Қазақстан мен Марокко арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және Ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың иелері үшін визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Қаулы 2025 жылғы 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

300 қойды екі жүк көлігімен Түркістанға алып кетпек болғандар ұсталды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды