Көкшетауда кәсіпкерді 6 млн теңгеге бопсалап, қаражатын тартып алған

Сурет: polisia.kz
Көкшетауда бопсалаушылар тобы құрықталды. Бұл жайлы 2025 жылғы 18 ақпанда Ақмола облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, тергеу барысында күдіктілердің жергілікті кәсіпкерді 6 миллион теңге бопсалағаны анықталды.

"Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері ақпан айында Көкшетау қаласында кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен екі бопсалаушыны ұстады. Олар заңсыз жолмен пайда табуды көздеп, жәбірленушіні психологиялық қысымға алған. Ақша қолдарына түспегенімен, олар жәбірленушіге тиесілі бірнеше телефон мен кеңсе техникасын иемденіп кеткен. Бұл заттар кейін тергеу барысында айғақ ретінде тәркіленді",- делінген таратылған ақпаратта.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, күдіктілерді қамауға алды.

Жедел уәкілдердің мәліметінше, олардың бірі бұрын да бірнеше рет сотталған. Тіпті, 2021 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан. Алайда түзелудің орнына қайтадан қылмысқа барды.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда",- деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін Алматыда мың мопед тіркелгені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды