Өскеменде жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаумен айналысқан үш күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Өскемен қаласында жүк көліктерінің аккумуляторларын заңсыз иемденді деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін полицияға қала тұрғыны жүк көлігінен аккумулятордың ұрланғаны туралы хабарлап, жүгінген. Оның айтуынша, көлігін түнгі уақытқа үйінің маңында қалдырып кеткен, алайда таңертең аккумулятордың жоғалғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстаған. Тергеу нәтижесінде олардың осындай алты қылмысқа қатысы бары дәлелденді.

Күдіктілердің бірі қылмыстарды алдын ала жоспарлағандарын мойындаған. Олар жұма күндері жүк көліктерін бақылап, қараусыз қалғандарын таңдап отырған. Кейін сенбіден жексенбіге қараған түні аккумуляторларды ұрлап, бірден металл қабылдау орындарына өткізіп отырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге және жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады. Әсіресе, түнгі уақытта көліктерге қосымша қорғаныс құралдарын орнатып, күдікті әрекеттерге назар аудару қажеттігін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды