СҚО-да салынған бөгетке халықтың көңілі толмайды

Фото: primeminister.kz
Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылының тұрғындары жергілікті әкімдіктен елдімекеннің іргесінде салынған бөгетті биіктетуді талап етіп отыр.

Былтыр көктемде Бескөл ауылында Есіл өзенінің деңгейі 11 метрге көтеріліп, 14 шақырымға дейін жайылған еді. Үйлерінің шатырына дейін су басқан тұрғындар биіктігі 2 метрдей бөгеттің тасқыннан қорғай алатынына сенбейді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Былтырғыдай келсе, мынау құтқармайды. Күндіз жүремін, сонда қараймын. Мына дамбалардың бәрі кішкентай. Тағы да басып кетсе, не боламыз? Былтырғыдан да жаман болады ғой." Қарлығаш Қондыбаева, Бескөл ауылының тұрғыны

Бұл бөгеттің ұзындығы 6 шақырым. Қазынадан 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Аудандық әкімдік өкілдері нысанның құрылысы аяқталмағанын айтады. Бөгетті салып бітіру үшін тағы да 2,5 млрд теңге қажет. Қаржы қашан бөлінетіні белгісіз.

"Келген судан 50-60 сантимерге биік. Ақша бөлінген кезде тағы 1,5 метрге көтеріледі. Орналастырады, темір-бетон плиталармен." Асхат Бәкеев, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды