Қызметтік ит автокөлікте жасырылған есірткіні тапты

Сурет: polisia.kz
"Күйгенжар" бекетінде полиция қызметкерлері "Kia Sportage" автокөлігін тексеру барысында есірткіге ұқсас заттарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде қызметтік ит Хлоя күдікті заттарды сезіп, полицейлерге белгі берді. Тексеру барысында шамамен 1 келі мефедрон есірткісін тәркіледі.

23 жастағы күдікті есірткі заттарын ірі көлемде сақтағаны үшін ұсталды. Бұл оқиға қызметтік иттердің маңызды рөлін тағы да айқындап берді. Есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуде қызметтік иттер кеңінен қолданылады. Астана қаласы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 50-ден астам ит қызмет етеді, олардың көбі есірткі іздеуге маманданған.


"Хлоя – бельгиялық малинуа тұқымының итінен тұрады және полиция қатарында 5 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Оның негізгі міндеті – есірткі заттарын іздеу. Бұл тапсырманы Хлоя өте жақсы орындап келеді", - деп хабарлады полиция. 

Биылғы жылдың басынан бері қызметтік иттер 2000-нан астам жедел-іздестіру шараларына және шекаралық бекеттерде жүргізілген тексерістерге жұмылдырылды. Олардың көмегімен 110 қылмыс ашылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі