Маңғыстауда әскери қызметтен жалтарған тұлға сотталды

Фото: akorda.kz
Маңғыстау облысында Түпқараған аудандық сотында Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару жөніндегі қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен анықталғандай, азамат 2023 жылғы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан әскери-техникалық мектепке әскери-техникалық мамандықтар бойынша өтеусіз негізінде оқуға түсіп, жүргізуші куәлігін алып, оқыту аяқталғаннан кейін әскери қызметке шақырылатынын біле тұра, қасақана Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына барудан жалтарған.

Сотталушы азамат кінәсін толық мойындап, жасаған іс-əрекетіне өкінетінін айтып, соттан жеңіл жаза түрін қолдануды сұраған.

"Сот үкімімен азамат ҚК-нің 387-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, іс бойынша талап қою толық қанағаттандырылып, сотталушы мемлекет пайдасына 558 765 теңге өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды