Талдықорған полициясы бастығының кабинетінде зәбір көрген қыз 6 жылға сотталды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы Көксу аудандық сотында Талдықорған полициясы бастығының кабинетінде зәбір көрген қызға, оның танысына және алаяқтық фактісі бойынша сот хатшысына үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 12 қарашасында Талдықорған полиция басқармасының бастығы Марат Көштібаевқа өзінің кабинетінде 27 жасар қызды зорлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Көштібаевтың әйелі жәбірленушімен ортақ танысы бар екенін біліп, ол арқылы зәбір көрген тұрғынмен ақша үшін айғақтарды өзгерту бойынша келісімге отырмақ болған. Көштібаевтың әйелі күйеуінің қылмысының біліктілігін зорлаудан жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуге ауыстыруын қалаған.

Ортақ танысы бұл ұсынысқа келісіп, ол үшін уәде етілген қаражаттың бір бөлігін – 3 млн теңгені алған.

2024 жылғы 9 ақпанда бұрынғы полиция бастығына қатысты қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына келіп түсті. Мұнда сот хатшысы сотталушының әйеліне жәбірленуші өз айғақтарын өзгерткені үшін 50 млн теңге талап ететінін айтты. Сотталушының жұбайы келіскен. Кейін хатшы Көштібаевтың әйеліне талап етілетін соманың 40 млн теңгеге дейін төмендегені туралы хабарлады.

Сот хатшысы ақшаны екі бөліп алған. Алайда, жәбірленушіге тек жартысын берген, қалған 20 млн теңгені өз қалтасына басқан.

Сот үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын толық көлемде қанағаттандырып өндіріп алды:

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады