СҚО-да әкімдік қызметкері суицид жасауға әрекеттенді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 20:18 Фото: Zakon.kz
Бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында әкімдік қызметкері, 62 жастағы әйелдің суицид жасау әрекетінен кейін улану белгілерімен ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Әлеуметтік желілерде болған оқиға аудан әкімдігіндегі қаржылық тексеріспен байланыстырылады. Алайда бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.

Полиция оқиғаның 3 қарашада болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан құқық қорғау органдары қажетті заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Суицид жасау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қажетті шараларды жүргізіп, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: