Аягөзде ер адам полицейлерді қорлағаны үшін жазаланды

Сурет: polisia.kz
Абай облысы Аягөз қаласында 45 жастағы жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне дөрекілік танытқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешкі уақытта орталық базар маңындағы сыраханаға барған азамат едәуір мас күйінде болған. Полицейлер мен пробация қызметкерлері оны алкогольдік масаң күйде байқап, медициналық тексеруден өткізу үшін орталық ауруханаға жеткізген. Алайда тексеруден тыныш өтудің орнына, ол полицейлерге қатысты ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтуға кірісті.

Сараптама қорытындысы бойынша бейнежазбада айыпталушының қорлайтын сөздер айтқаны расталды. Сонымен қатар бұл азамат бұған дейін бірнеше рет алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Нәтижесінде сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі – ("Билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде немесе соларға байланысты қорлау")  бойынша кінәлі деп танып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін