Алматыда микроавтобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 9 наурызда Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Кешке Toyota Haiz шағын автобусының жүргізушісі аяқ асты жолға шыққан адамды қағып кетті.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жаяу жүргіншіні қолайсыз ауа райы – қалың қардың салдарынан кешірек байқаған.

Сурет: Zakon.kz

Соққының салдарынан ер адам жол жиегіне шығып кетті. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оны аман алып қала алмады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм қайғылы оқиға болған маңда тұрады.

Сурет: Zakon.kz

Ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен небәрі 20 метр жерде жолды дұрыс емес жерден кесіп өткен.

Сурет: Zakon.kz

Жол полициясының қызметкерлері қайғылы жайттың барлық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі

"Бұршақ жауып, дауыл тұрады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды