Қызғалдақ жұлған қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін

Фото: Zakon.kz
Көктемде қызғалдақ теріп, айыппұл арқалап жүрмеңіз. Экология министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Күн жылысымен демалысқа шығып, қызғалдақ жұлатындар көп.

Бірақ, абай болған абзал. Елде бұл гүлдің 18 түрі "Қызыл кітапқа" енген. Сондықтан заңмен қорғалады. Соның бірін білместікпен жұлған жағдайда да азамат жауаптан жалтара алмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес іс қозғалады. Қылмыстың ауыртпалығына орай, бас бостандығынан айыру жазасы немесе 3000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Сондықтан, алдын ала өсімдік түрлерімен танысып алған жөн дейді ведомство өкілі.

"Көбіне жол үстінде адамдар қызығып тоқтап жұлып жатыр. Сол жерде міндетті түрде толық тағы бір ескерту аншлагтарын орнататын боламыз. Ол осы көбінесе Алматы, Жетісу , Түркістан облыстарында былтыр байқалды сондай фактілер. "Қызыл кітапта" болғандықтан, міндетті түрде ең бірінші қылмыстық іс қозғалады. Шығын болмаса да, бірақ қылмыстық іс қозғалады." Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы

Еске салайық, былтыр 22 жастағы студент Түркістан облысында "Грейг" қызғалдақтарын терген видеоны әлеуметтік желіге салып, басы дауға қалды. Студентке 11 млн теңге айыппұл салынған еді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды