Наурызнама онкүндігі: бүгін – Шаңырақ күні

Сурет: Zakon.kz
Наурызнама онкүндігінде 16 наурыз отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Шаңырақ - отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күні отбасы құндылықтары насихатталады. Еліміздің түкпір-түкпірінде жастардың неке қию рәсімі өтіп, ақсақалдар бата беріп, жас жұбайларға бақ-береке тілейді.

Статистикалық мәліметтерге тоқталсақ. Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.

Орташа неке жасы: ерлер – 27,9 жас, әйелдер ¬– 25,2 жас. Ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739. 

Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. "Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш", "Баланың бас ұстазы – ата-анасы", "Отбасының сәні – сыйластық", "Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ", "Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз" деген мақалдың өзі соның айғағы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды