Қостанайда полицейлер кәмелетке толмаған екі дропперді анықтады

Сурет: polisia.kz
Қостанайда полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке қатысы бар екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға телефон қоңырауынан басталған. Бейтаныс адамдар жергілікті тұрғынға оның келіні жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлап, мәселені шешу үшін 7 миллион теңге талап еткен. Алайда жәбірленушінің қолында тек 2 мың доллар болған.

Қатты үрейленген әйел ақшаны белгіленген адамға табыстаған. Кейін туысымен сөйлескеннен кейін ғана оның ешқандай жол апатына қатысы жоқ екенін білген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 17 жастағы екі жасөспірімді ұстады. Олар ақшаны басқа валютаға айырбастап, өзге шоттарға аударып үлгерген. Сондай-ақ сол күні дәл осындай схема бойынша тағы 1 миллион теңге жымқырылғаны анықталды, бірақ бұл жағдайда жәбірленуші әлі табылған жоқ. 

Тергеу барысында алаяқтардың Telegram арқылы "жұмыс" ұсынғаны белгілі болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция кейінгі уақытта мұндай алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға үндеді.г

"Егер сізге күмәнді қоңыраулар түссе, бірден сөйлесуді тоқтатып, жақындарыңызға қайта қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ SMS арқылы жіберілген кодтар мен құпия ақпараттарды ешкімге бермеу қажет. Кез келген күдікті жағдайларда полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы