Абай облысында бруцеллездің өршуіне байланысты карантин жарияланды

Фото: Zakon.kz
Абай облысында төрт түлік арасында бруцеллез ауруы өршіп тұр. Бүгінде, ауру жұққан 200-ге жуық сиыр союға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, аурудың ошағы болып тұрған Бұлақ ауылы карантинге жабылды. Жергілікті тұрғындар ірі қарадан өндіретін сүт пен майды, қатық пен етті сатып күн көріп отырғандарын айтып, алаңдаушылық білдіруде. 


"Менің 12 сиырым ауырып қалды, көршімнің 24 сиыры, басқа ауыл тұрғындарында тағы 28 сиыр бар. Осы уақыт ішінде біз 300-ге жуық сиырдан айырылдық. Қазір карантин аяқталғанға дейін ветеринарлар сау малға вакцина бере алмайды. Ал егер біз оны өзіміз сатып алып, егетін болсақ, онда вакцина жарамсыз болып саналады", – деп бөлісті Бұлақ ауылының тұрғыны Серікхан Серікбайұлы.

Жергілікті тұрғындар малдарын сақтап қалу үшін тиісті шаралардың қабылдануын күтуде.

Ветеринарлық инспекция болса жағдайдың бақылауда екенін айтты. Бүгінде 15 шаруа қожалықтан 193 бас мал союға жіберілді. Бұл ретте, соңғы үш айдың ішінде осы ауылдан бруцеллездің 50-ге жуық жаңа жағдайы анықталған.

Бұған дейін Алматы қаласы спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды