Шаммен "төбелескен" қазақстандық 30 тәулікке қамауға алынды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі вандализмге қарсы күрес жұмыстары жайлы ақпарат таратты. Мәселен, 2025 жылдың басынан бері сот мүлікті қасақана зиян келтіргені, қоғамдық орындарды ластағаны, сондай-ақ ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 50 адамды жауапқа тартты.

Мысалы, 31 наурызда түнде мас күйдегі ер адам Мамбетов көшесімен жүріп келе жатып, жол бойындағы шам бағанымен "төбелескен".

Сот шешімі бойынша оған 30 тәулік әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Құқық қорғау органдары келесідей ескерту жасады:

"Егер бұл әрекетте қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет белгілері болмаса, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге) немесе 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғады".

Бұған дейін ақмолалық тұрғынның көршісінің атына 1,2 млн теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдегені хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді