СҚО-да полицейлер 4,5 млн теңгенің ұрлығын "ізін суытпай" ашты

Сурет: ҚР ІІМ
Петропавлдық кәсіпкерлердің бірінің жұмысшылары демалыс күндерінен кейін таңертең жұмысқа келіп, кеңсенің терезесі ашық тұрғанын, ал сейфтің бұзылғанын байқаған.

Олар бірден полицияға жүгінген. Бұл сейфтің ішінде тағы бір сейф болған. Оны ішіндегі қомақты ақшасымен бірге алып кеткен. Келтірілген шығын 4,5 миллион теңгеден асты.

Түн ортасына жақын полиция қызметкерлері 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жеке кәсіпкердің жұмысшылары оны бірден таныды.

Ер адам бұған дейін кеңсенің кіре беріс есігіндегі құлыпты ауыстырған болып шықты. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді, негізгі сома қайда кеткені тергеу барысында анықталады. Күдікті күзетпен қамауға алынды. Қызметтiк үй-жайға заңсыз кiру арқылы жасалған ұрлық үшін күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді