Ақтөбеде полицейлер синтетикалық есірткі жеткізу арнасын жойды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне жалдамалы пәтерлердің бірінде екі ақтөбеліктің синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын сақтайтыны туралы жедел ақпарат түсті.

Жедел ақпаратты тексеру кезінде 19 және 27 жастағы екі күдікті ұсталды. Жалдамалы пәтерде тінту кезінде полицейлер ұнтақ зат салынған 50 орама тәркіледі.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 37 грамнан асатын мефедрон болып шықты.

Бұл 7 млн теңгеден астам сомаға сай келетін 350 бірреттік дозаны құрайды.

Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Осы баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін