СҚО-да қарақшылық жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы кіздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық жасады деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тайынша ауданының жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы Самат Бекишті іздестіріп жатыр.

Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында жасалған. Бейтаныс адамдар Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін және оның 12 жастағы немересін скотчпен байлап, шамамен 640 мың теңге көлеміндегі ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Шабуылдаушылар кеткен соң бала өздігінен босанып шығып, жақын маңда орналасқан учаскелік полицейдің үйіне жүгіріп барып, көмек сұраған. Қылмысқа қатысы бар үш күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іздестіріліп жатқан Самат Бекиш қазіргі уақытта өз елінде жасырынып жүруі мүмкін.

Егер СҚО тұрғындары оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары арқылы немесе "102" нөміріне хабарласуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды