Алматы метросында зағип жолаушының қаза табуына қатысты сот: оқиға кезінде пойыз қалай тоқтаталды

Метрополитен, пассажиры метро, метро, общественный транспорт, вагоны метро, люди в метро, работники метро, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 14:25 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 23 қарашада Алматыда метро станциясында 26 жастағы зағип жолаушы Қанат Батқалқазының қаза табуына қатысты негізгі сот отырысы жалғасты, деп хабарлады Zakon.kz.

Қылмыстық іс Медеу ауданының №2 аудандық сотында қазақ тілінде, ашық форматта қаралып жатыр.

Айыпталушылар орындығында – 47 жастағы бақылаушы Майра Болатбекова. Жәбірленушілер – марқұм Қанат Батқалқазының туыстары, атасы мен әкесі.

Сот отырысында метрода жолаушыларға көмек көрсету кезекшісі болып жұмыс істейтін Наурызбай Кеңес куәгер ретінде жауап берді.

"Айыпталушымен соңғы бірнеше жылдан бері жұмыста таныспын. 2024 жылғы 10 желтоқсанда жұмыс орнымда болдым. Ешқандай дабыл түскен жоқ. Егер метроға мүмкіндігі шектеулі адамдар кірсе, кезекшілер бізге хабарлауы керек. Одан кейін біз жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Мұндай жолаушыны қарсы алып, пойызға дейін шығарып салып, вагонға отырғызу үшін қызметкерді жіберемін. Мұның барлығы арнайы журналға тіркеледі", – деді Наурызбай Кеңес.

Алайда оның айтуынша, сол күні метроның турникетінде тұрған Майра Болатбекова өздігінен қозғалған зағип жолаушы туралы оған хабарламаған.

"Ол жолаушыны өткізбеуі керек еді. Сондай-ақ зағип адамның келгенін маған хабарлауға міндетті болатын. Оның жанында арнайы батырма бар, сол арқылы белгі беруі тиіс. Егер батырма істемесе, оның бұзылғаны туралы да хабарлауы керек еді. Бірақ маған батырманың істен шыққаны туралы да, мүмкіндігі шектеулі жолаушының келгені туралы да ешқандай ақпарат берілген жоқ", – деді Наурызбай Кеңес.

Куәгер қайғылы оқиға кезінде метроның кезекші қосалқы станциясындағы кабинетінде болғанын айтты. Машинистердің абыржыған дауыстарын естіген бойда пойызды тоқтатқан.

"Екі жақтан екі пойыз келген кезде машинистердің сөйлескенін естідім. Не туралы айтып жатқанын толық түсінбедім, бірақ бірден пойызды тоқтаттым. Төтенше жағдайларда мән-жайды анықтау үшін пойыздарды тоқтатуға өкілеттігім бар. Бейнекамералардан адамдардың жиналып қалғанын көрдім. Дереу платформаға қарай жүгірдім", – деп атап өтті Наурызбай Кеңес.

Сондай-ақ куәгер станцияның әр бөлігінде орналасқан 56 бейнекамераның барлығы өз бақылауында екенін және ондағы жағдайды нақты уақыт режимінде қадағалайтынын айтты.

"Камераларға тек мен жауап беремін. Міндетіме бейнебақылау жүйесін қадағалау кіреді. Барлығы 56 камера бар, олардың барлығына қол жеткізе аламын. Камералар тек платформаны ғана емес, басқа да бөлмелерді қамтиды. Әдетте бейнежазбаларды қандай да бір ескерту болған кезде қараймыз. Менде жазбалар сақталмайды, жағдайды нақты уақыт режимінде бақылаймын. Жолаушының қолында таяғы, көзінде көзілдірігі болғанымен, бейнежазбадан оның зағип екенін анық байқау қиын", – деді Наурызбай Кеңес.

Бұған дейін көпбалалы ана, бақылаушы Майра Болатбекова сотталушылар орындығына қалай тап болғаны туралы әңгімелеген болатын.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 10 желтоқсанда болған. 26 жастағы зағип жолаушы Қанат Батқалқазы вагонға мінбек болған кезде рельске құлап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: