Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды