Ерлан Карин: Қазақстанда Жеңіс күніне көзқарас ерекше

Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Ұлттық құрылтай мүшелерімен ішкі саясатты жүзеге асыру бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талқылау барысында Ерлан Карин:

– Әрдайым баса айтатын қағидаларымыздың бірі – тарихымыздың әр кезеңдерін қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені мұның бәрі біздің ортақ тарихымыздың бір бөлігі. Жалпы, біздің қоғамда тарихи мәселелерге қайшылықсыз, сындарлы көзқарас қалыптасқан.

Мысалы, Қазақстанда Жеңіс күніне ерекше, алғыспен, қастерлі қарау қғидасы бар және солай болады да. Биыл Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде тойлап жатырмыз.

Үкімет Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, ол 94 тармақтан тұрады және республика бойынша 2 мыңнан астам іс-шаралар мен акцияларды өткізуді көздейді. Осындай мерекелік іс-шаралардың өңірлік жоспарлары да бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Жыл сайын ондаған мектептер мен жүздеген көшелер Жеңіс батырларының есімімен аталады; Өткен жылы "Айбын" орденінің дәрежелері аты аңызға айналған қазақ батырлары Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталды. Талдықорған қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганскийдің есімі берілді.

Бұл жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қазақстан
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі